Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуға білім беру қызметтерін көрсететін Қазақстандағы мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық балабақша ретінде қарастырылады.
МИССИЯСЫ: дәлелді педагогикалық және медициналық практикаға, үздіксіз жақсарту қағидаттарына және баланың мүдделеріне басымдық беруге негізделген қауіпсіз, инклюзивті және дамытушы білім беру ортасын құру арқылы мектепке дейінгі білім берудің, балалардың денсаулығын сақтаудың және жан-жақты дамуының тұрақты жоғары сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
БОЛАШАҒЫ: білім беру және денсаулық сақтау қызметі сапасының, қауіпсіздігі мен нәтижелілігінің үздік әлемдік стандарттарына сәйкестігін көрсететін ұлттық және халықаралық деңгейдегі мектепке дейінгі білім берудің референттік орталығы.
Кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанымен, құрылымы және штаттық кестесімен, білікті педагогикалық және медициналық кадрларымен, заманауи материалдық-техникалық базасымен және ішкі нормативтік актілер мен әдістемелік құралдардың жеке қорымен ерекшеленеді.
Кәсіпорынның төрт балабақшасы бар:
жалпы жобалық қуаты - 1030 орын;
топтар саны - 46.
Балабақшалар қызметінің басым бағыттары:
№ 1 балабақша – балабақшадағы медиашығармашылық;
№ 2 балабақша – ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру;
№ 3 балабақша – «EcoTeam» экологиялық таза қарым-қатынастан экологиялық таза ортаға»;
№4 балабақша - еңбек тәрбиесі.
Білім беру қызметі
Қызметтің жүйеқұраушы негізі – баланың жан-жақты дамуына, денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және білім беру үдерісін медициналық сүйемелдеумен ықпалдастыруға бағытталған «Бастау» авторлық білім беру бағдарламасы болып табылады. 2025 жылы бағдарлама Қазақстан Республикасының өңірлерінде масштабталуы басталды.
Балабақшаларда заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, дамытушы пәндік-кеңістіктік орта ұйымдастырылған: Reggio-педагогикасы, интерактивті форматтар («сөйлейтін» қабырғалар, интерактивті еден), балалар белсенділігі орталықтары, робототехника зертханалары, аква- және гидропоникалық қондырғылар, кванториумдар және т.б.
Балалардың жеке қабілеттерін дамыту мақсатында спорттық, шығармашылық, зияткерлік және сауықтыру бағыттары бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылады.
Қызмет сапасы мен нәтижелері
2025 жылы балабақша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өткізген «Үздік балабақша – 2025» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтері республикалық деңгейдегі конкурстарға тұрақты түрде қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрініп келеді.
Сапа менеджменті жүйесі ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған, оның сәйкестігі 2025 жылы расталды.
Халықаралық институционалдық аккредитация білім беру ортасының белгіленген сапа талаптарына сәйкестігін растайды және Кәсіпорынның білім беру, басқару және инфрақұрылымдық қызметіне сыртқы бағалау жүргізілуін қамтамасыз етеді:
2025 жыл — Білім беру сапасын тәуелсіз аккредиттеу және бағалау жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАНАоКО) стандарттарына сәйкес халықаралық институционалдық аккредитациядан өтті;
2020 жыл — Кәсіпорын Қазақстан Республикасында NAEYC (АҚШ) стандарттары бойынша халықаралық институционалдық аккредитациядан өткен алғашқы және жалғыз мектепке дейінгі ұйым болды.
Балабақшаларда ECERS-3 шкаласы бойынша ішкі сапаны бағалау практикасы енгізілген, бұл білім беру ортасын, кеңістік пен уақытты ұйымдастыруды, өзара әрекеттестікті бағалауға, сондай-ақ одан әрі даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Халықаралық және институционалдық даму
2023 жылдан бастап Кәсіпорын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Құзыреттер орталығы болып табылады. Оның базасында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ мектепке дейінгі білім берудің озық тәжірибелерін тарату және енгізу жүзеге асырылады.
Ғылыми-әдістемелік қызмет
2025 жылы тіркеліп, 2026 жылғы қаңтарда алғашқы саны жарық көрген «Қарлығаш хабаршысы» ғылыми-практикалық журналы мектепке дейінгі білім беру саласындағы практикалық және зерттеушілік тәжірибені жариялауға және таратуға бағытталған.