Біздің тәрбиеленушілер балабақшада өздерін жайлы сезінеді, жасына және жеке ерекшеліктері мен бейімділіктеріне сәйкес дамиды. Балабақша қызметкерлерінің тәрбиеленушілердің отбасыларымен өзара іс-қимылы баланың даралығын ашатын, бүгін және болашақта оның табыстылығын қамтамасыз ететін құзыреттерді қалыптастыруға ықпал ететін жағдайлар жасауға бағытталған. Балабақша тәрбиеленушілері Халықаралық балалар шығармашылығы байқауларының, «Пони - мектепке дайындал!» халықаралық зияткерлік балалар байқауының, «Жұлдызды жол» қалалық зияткерлік және тағы басқа көптеген байқаулардың бірнеше рет жеңімпаздары атанды. Біздің балалар: •интеллектуалды және физикалық дамыған; • еркін, тәуелсіз және белсенді; • өз пікірін қорғауға қабілетті; • басқа адамдардың жағдайына, қоршаған әлемнің сұлулығына және өнер туындыларына эмоционалды түрде жауап береді; • ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау үшін ашық; •жаңа әлеуметтік кезеңге өтуге дайындалған. Біздің балабақша түлектері еліміздің озық мемлекеттік және халықаралық: РФММ, НЗМ, «Дарын» мектептерінде, «Зерде» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейлерінде, «Мирас», АХМ (Астана қ. Халықаралық мектебі), Қазақ ұлттық хореография акедемиясында, «Нұрорда» ҚТЛ және «Білім беру-инновациялық лицей» мектептерінде оқып жатыр.