Басты бетМектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері білім берудің инновациялық әдістерін оқып жатыр

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері білім берудің инновациялық әдістерін оқып жатыр

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері білім берудің инновациялық әдістерін оқып жатыр Мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлері білім берудің инновациялық әдістерін оқып жатыр
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы  Медициналық орталығының (ҚР ПІБ МО) «Қарлығаш» балабақшасы еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың 100-ден астам оқытушылары мен тәрбиешілері үшін «Заманауи талаптар контекстінде мектепке дейінгі білім беруді дамыту» тақырыбында семинар өткізді. 

Еліміздің мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші сарапшылары, ғалымдары мен практиктері елордада тәжірибе алмасу және балаларды оқытудың инновациялық әдістерін талқылау үшін жиналды. 

Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ), елордалық Білім беруді жаңғырту орталығының, ҰҒПББСО «Бөбек», сондай-ақ республиканың жетекші университеттері мен мектепке дейінгі ұйымдарының өкілдері қатысты.  

Семинар жұмысын ҚР ПІБ МО-ның бастығы Алексей Цой: «10 жыл бойы біздің педагогтер халықаралық тәжірибені үйреніп, оны жергілікті контекстіге бейімдеді. Қазір біз жинаған білім мен тәжірибемізді республиканың балабақшаларымен бөлісуге дайынбыз», - деп ашты.

«Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Ирсалиев адамның қалыптасуындағы мектепке дейінгі білім берудің шешуші рөлін атап, оған тиісті назар аудару қажеттілігін айтты. «Қазақстанда білім берудің әрбір деңгейінің өркендеуі үшін жағдайлар жасалған. Орта білім беру деңгейінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Дарын» орталығы, кәсіптік білім беруде «Кәсіпқор» холдингі, жоғары білім беру деңгейінде Назарбаев Университеті және «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеуде. Мектепке дейінгі білім беруде «Қарлығаш» балабақшасы осы миссияны толықтай атқара алады және осы саладағы ең озық даму орталығына айналуы тиіс», - деді ол.

Семинар қатысушылары балаларды оқұтыдың үздік әдістерімен, соның ішінде қазақ тілін үйретудегі «тілдік ортаға бойлау әдісі» және балалардың шығармашылық, сыни ойлау, коммуникативтік және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған «сингапурлық технологияларымен»  танысты. Қатысушылар робототехника және математика дағдыларын дамытуға арналған «STEAM технологиясының» маңыздылығын атап өтті.

Бұдан басқа, мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді басқаруға, этнопедагогикаға,  балабақшаларды сандық цифрландыруға және сауықтыру технологияларына арналған мастер класстар ұйымдастырылды.

ҚР БҒМ-нің өкілдері «Қарлығаш» балабақшасының медициналық қолдау және балалардың балабақшаларда қауіпсіздігін қамтамассыз ететін нормативтік құжаттарына қызығушылық танытты. 

Семинар аясында ҚР ПІБ МО мен «Өрлеу» БАҰО, «Астана» халықаралық ғылыми кешені және Нұрсұлтан қаласы гуманитарлық колледжі арасында өзара әріптестік бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Семинар Қарлығаш балабақшасының республикадағы мектепке дейінгі ұйымдарға бірегей тәжірибесін трансляциялау, оқытушылардың біліктілігін және отандық мектепке дейінгі білім берудің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.