Басты бетЕлорданың 100-ден астам оқытушысы мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжір...

Елорданың 100-ден астам оқытушысы мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибемен танысты

Елорданың 100-ден астам оқытушысы мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибемен танысты Елорданың 100-ден астам оқытушысы мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибемен танысты
ҚР Президенті жанындағы Медициналық орталықтың «Қарлығаш балабақшасының» оқытушылары елорданың мектепке дейінгі мекемелерінің 100-ден астам қызметкеріне мектепке дейінгі тәрбие саласындағы үздік тәжірибені тарату мақсатында семинар өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығының, Нұр-Султан қаласының Білім беру басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері қатысты.

Медициналық орталықтың басшысының орынбасары Гүлнар Абдуллина балабақшаның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартуға арналған ресурстық орталығы болуына дайын екендігін атап өтті. «10 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Медициналық орталықтың қолдауымен біз мектепке дейінгі білім беру саласындағы үздік халықаралық тәжірибені үйреніп, мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың қауіпсіздігіне және медициналық көмекке қатысты нормативтік құжаттарды әзірледік және әзірленген әдістемелермен министрлікпен бөлісуге дайынбыз», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі балалар орталығының директоры Ольга Күмісбекова еліміздің ең дамыған балабақшасының бірегей тәжірибесін қала ішінде ғана емес, бүкіл елге таратуды ұсынды. «Тәжірибені тарату - педагогикалық дағдыларды жетілдірудің бір түрі. Бұл біздің жұмысымыздың ең маңызды аспектісі, өйткені сапалы білім сапалы кадрларға байланысты», - деді ол. 

Семинарға қатысушылар балаларға 4K моделі: шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, коммуникативтік дағдылар және командалық жұмыс дағдыларын үйретудің инновациялық әдістерімен танысты. Бұдан басқа, мастер-класс пен экскурсиялық квестер ұйымдастырылды, сондай-ақ цифрлық технологиялар, соның ішінде Қазақстанда теңдесі жоқ бірегей «виртуалды мұражай» жобасы көрсетілді.

Семинар аясында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің Медициналық орталығы арасында педагогикалық тәжірибе алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Семинар 2018 жылдың 5 қазанындағы Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды, онда ерте жастан бастап ойлау, ақыл-ой және шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың, сондай-ақ 4K моделінің маңыздылығы атап өтілді.