Балабақшалардың негізгі ресурстарының бірі - жоғары білікті қызметкерлер, бұл білім беру процесінің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Педагогтер өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін үнемі арттырып отырады, мектепке дейінгі білім берудегі үздік әлемдік практикаларды оқиды және күнделікті жұмыс барысында халықаралық тәжірибені қолданады. Білікті педагогтер мен мамандардың қызметі ойын түрінде өткізіледі және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда тұлғалық-бағдарлы тәсілге бағытталған. Педагогтер әр түрлі республикалық және халықаралық байқауларға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Педагог-психологтар күн сайын топтардағы психологиялық климатты бақылайды, тәрбиеленушілермен диагностикалық, түзету және дамыту жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, арт-терапияның көмегімен олар балаларда шығармашылық көріністі, қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеуді, ойлауды және өзін-өзі байқау дағдыларын дамытады. Логопедтердің қызметі сөйлеу және артикуляциялық моториканы, дыбыстардың дұрыс айтылуын дамытуға бағытталған. Тілдік ортаға ену топтарында қазақ тілінің төл дыбыстарын қоюға ерекше көңіл бөлінеді.