Басты бет
›
Елордада «QARLYGASH-2019» алғашқы халықаралық конференциясы өтті
Елордада «QARLYGASH-2019» алғашқы халықаралық конференциясы өтті
АЛЕКСЕЙ ЦОЙ: МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ БІЗДІҢ ҚАУІПСІЗДІК СТАНДАРТТАРЫН ЕНГІЗУДІ ҰСЫНАМЫЗ
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде қауіпсіз болудың ішкі стандарттарын әзірледі. Олар балалардың балабақшада барынша қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін іс-әрекеттер тәртібін, қызметкерлерге қойылатын талаптарды, олардың іс-әрекеттерін айқындайды.
«Балабақшадағы қауіпсіздік мәселелері ең басында шешілді, сондықтан білім беру кеңістігінің ішкі қауіпсіздік стандарттары жазылды. Олар Республикада бүгінгі күнге дейін осындай әзірленген жергілікті құжаттардың болмауымен бірегей»,- деп айтады «Қарлығаш» балабақшасының директоры Гүлнар Ысқақова.
«Мектепке дейінгі білім берудің бүгінгі күнгі әлемдік тренді – баланың өз еркімен дамуы үшін жағдай жасау. Ересек адамдар енді балаларды оқытпайды, олар бала өз еркімен үйренетін орта жасайды. Біздің мекемемізде баланың өз еркімен дамуы үшін жағдайлар балабақшаның дамыту ортасының көмегімен жасалған, олар сөйлейтін стендтер, әдістер мен технологиялар, сондай-ақ баланың айналасындағы жартылай функционалды және интерактивті орта»,- деп айтады өз өмірінің 25 жылын балалармен жұмысқа арнаған Гүлнар Абдуллина.
«QARLYGASH-2019» алғашқы халықаралық конференциясы әртүрлі елдердің мектепке дейінгі білім беру мамандарының басын қосты: Австралия, Ұлыбритания, Финляндия, Израиль, Ресей Федерациясы, Беларусь, Эстония және Қазақстан ғалымдары, тәжірибелерінде авторлық инновациялық технологиялар мен білім беру жобаларын, интерактивті оқыту жүйелерін, тілдік ортаға бойлаудың қазіргі заманғы әдістемесін пайдаланып жүрген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласының мамандары - барлығы 300-ден астам қатысушы.
Елімізде мектепке дейінгі білім берумен 80 000 астам қызметкер айналысады, 9000 артық балабақша жұмыс істейді.
Алексей Цой – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы: «Қазіргі уақытта елімізде балабақшадағы орындармен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр. Алайда, ғылым бір орында тұрмайды және қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу, жаңа әдістемелерді енгізу сияқты маңызды мәселелерді жіберіп алуға болмайды. Біз тәжірибемізбен барлықтарыңызбен бөлісуге қуаныштымыз».