Басты бет
›
Педагогикалық кеңесте педагогтер жаңа оқу жылына арналған мақсаттарды белгіледі
Педагогикалық кеңесте педагогтер жаңа оқу жылына арналған мақсаттарды белгіледі
Педкеңес-бұл өткен оқу жылының қорытындысын шығарып, жаңа міндеттерді анықтайтын алаң. Осылайша, «Қарлығаш-1» педагогтері дөңгелек үстел басында ұжымның жалпы міндеттері мен жаңашылдықтарын талқылады. Өз жұмысының барлық спектрін ұсынып, экспедиция ережелерін талқылап, достасып, валеологиялық минутты өткізді. Татулы ұжым – бұл кез келген істе табыстың жартысы.
«Қарлығаш-2» педагогтері «жорыққа» барып, оқу жылының әр қатысушысы «жаңа бағыт» бойынша қозғалып, әдістер мен тәсілдерді дайындау дағдыларын пысықтады. Ең бастысы- сауықтыру, тәрбиелеу, оқыту сияқты «жорықтың» мақсаттары мен міндеттерін белгіледі.
Жаңа оқу жылында «Қарлығаш-3» педагогтері педагогикалық экспедицияға топпен жұмыс істеу тәжірибесін алу үшін аттанды. Педагогтер балалармен бірге дамып, өсуді шешті. Мектепке дейінгі ұйымдардың барлық ұжымдарына креативті идеялар мен жарқын болашақ тілейміз!