Балалардың тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ересек және мектепалды даярлық топтарында «Тіл - білгірі» танымды викториналық ойын ұйымдастырылды. Ойын төрт бөлімнен құрылды: «Сөз тапқан», «Кім жылдам?», «Жұмбақ жасыру», «Тіл өнері». Әділ – қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, жүлделі орындарға ие болған балаларды марапаттады.