Басты бетЕЛОРДАДА «ҚАРЛЫҒАШ» ПЕДАГОГТЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛОРДАДА «ҚАРЛЫҒАШ» ПЕДАГОГТЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ЕЛОРДАДА «ҚАРЛЫҒАШ» ПЕДАГОГТЕРІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Ресурстық-білім беру орталығының бастамасымен ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК Нұр-сұлтан қ. № 1 «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мамандарымен Кәсіпорын педагогтарының кездесуі өтті. Кәсіпорынның түзету-сөйлеу топтарында жұмыс істейтін психологтар, логопедтер, тәрбиешілер ҚББ балалармен жұмыс туралы, диагностика әдістері мен тәсілдері туралы маңызды сұрақтарға жауап алды. Кездесу мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды дамыту мәселелері бойынша кеңес беру. Түзету кабинетінің мамандары Г. С. Журкабаева және Г. Т. Қаражігітова Санкт-Петербург ерте араласу институты әзірлеген «RCDI – 2000 шкаласы бойынша баланың дамуын бағалау» компьютерлік бағдарламасында жұмыс тәжірибесімен бөлісті және ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасаудың практикалық тәсілдерін ұсынды. Жобалар және бағдарламалар директоры, «Дара» қорының мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен инклюзивті білім беру саласындағы бағдарламасының үйлестірушісі Марал Шешембекованың айтуынша: «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» жұмыс тәжірибесі мол ұйым, олар «Дара» қайырымдылық қорының алғашқы серіктестері. Дәл осы жерде олармен бірге жұмыс істей отырып, ерекше бала өсіп келе жатқан отбасын сүйемелдеу моделін құру туралы түсінік пайда болды. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арнайы білім беру ұйымдарында орналаспауы тиіс. Бірақ, бұл ретте осы салада жұмыс тәжірибесі бар, осы салада оқыған мамандар әдістемелік қолдауды жүзеге асыруы тиіс. Біз түзету кабинеттері мен мамандардың қарапайым педагогтарға көмектесуін қалаймыз, бұл жөнінде біз үнемі жұмыс істейміз, елордада және өңірлер бойынша түзету кабинеттерінің желісін ашып жатырмыз».