Басты бет2019 жылы 27-29 қараша аралығында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ұйымдастырған семинар-мо...

2019 жылы 27-29 қараша аралығында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ұйымдастырған семинар-мониторинг аясында Кәсіпорынның барлық балабақшаларында тілге бойлау топтарында кіріктірілген ұйымдастырған оқу қызметтері өткізілді.

2019 жылы 27-29 қараша аралығында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ұйымдастырған семинар-мониторинг аясында Кәсіпорынның барлық балабақшаларында тілге бойлау топтарында кіріктірілген ұйымдастырған оқу қызметтері өткізілді.
2019 жылы 27-29 қараша аралығында "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ ұйымдастырған семинар-мониторинг аясында Кәсіпорынның барлық балабақшаларында тілге бойлау топтарында кіріктірілген ұйымдастырған оқу қызметтері өткізілді. Оқу қызметтері барысында педагогтер балалардың тілдік дағдыларын дамытуға арналған ойындарды тиімді пайдаланып, жаңа әдіс-тәсілдерді де ұтымды қолдана білді. Іс-әрекет барысында балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруде тілдік құзыреттіліктің жоғары дамуын көрсетті. Ұйымдастырылған ашық көрсетілімдерді Эстонияның кеңесші-тренерлері С.Белова мен И.Каосаар жоғары бағалап, әрбір педагогпен талдау жүргізді. Талдау барысында кеңесші-тренерлер педагогтерге тілге бойлау әдістемесінің негізгі бағыттары мен қағидаларына тоқталып, жаңа бағыт-бағдар беріп өтті. Талдау соңында педагогтердің білімі өте жоғары бағаланып, жағымды мотивация мен шығармашылық көзқарас көрсетілді. Талдаудан соң күнделікті педагогтермен кеңесші тренерлер аталмыш тақырып бойынша семинар өткізіп отырды. Семинар барысында тілге бойлау әдістемесі бойынша педагогтердің білімі толықтырылып, тәжірибелік іс-әрекеттерге ұласты. Тәжірибе барысында балабақша педагогтері белсенділік көрсетіп, өздерінің жасаған жобаларын ұтымды қорғауға мүмкіндік берілді. Семинар соңында балабақша педагогтеріне "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ мен Эстонияның «Интеграция қорымен» бірлескен Халықаралық сертификаттары тапсырылды.