Семинардың екінші күні! Жаңа спикерлер!
Жаңа спикерлер және педагогикалық пен медициналық қызметкерлердің кәсіби дамуына жаңа шабыт. Michelle Somerton, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары білім беру мектебінің кіші профессоры (Австралия) шетелдік практиктерді зерттеу негізінде инклюзивті білім беру тақырыбын жалғастырды.
«Ерте балалық шақ – шексіз мүмкіндіктер уақыты...» – деп санайды медицина ғылымдарының кандидаты, балаларды ерте дамыту әдістемесі бойынша дәрігер-сарапшы, Unisef Kazakhstan желісі бойынша «Ерте жастағы балаларды дамыту» оқыту курсы бойынша жаттықтырушы З. М. Оспанова.
Спикер тыңдаушылармен өзара іс-қимылының мысалында өз құзыреттерін дамытудың жеке траекториясын құрды. Семинар тыңдаушылары ерте жастағы балалармен және олардың ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренді.
Осылайша, ҚР ПІБ МО "ҚАРЛЫҒАШ" балабақшасы" РМК Ресурстық-білім беру орталығының педагогтары ұйымдастырған семинардың тағы бір күні жарқын, эмоционалды және мазмұнды өтті.