Басты бетҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның Ресурстық-білім беру орталығы медицина қызметкерлеріне...

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның Ресурстық-білім беру орталығы медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды

ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-ның  Ресурстық-білім беру орталығы медицина қызметкерлеріне арналған семинар ұйымдастырды

       24 медицина қызметкері 2019 жылы 7 желтоқсанда «Мектепке дейінгі ұйымда тамақтандыруды және өндірістік бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында семинар-практикумға қатысты.

        Спикерлер С.У. Халмухамедова мен Г.К. Каниева балабақшадағы тамақтануды реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, балалардың дұрыс тамақтануының принциптері, сондай - ақ мектепке дейінгі балаларға арналған 10 күндік ас мәзірін әзірлеу кезіндегі практикалық мәселелер туралы айтты. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау және қауіп факторларын анықтау үшін өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу мәселесі айтылды. Тыңдаушылар белсенді қатысып, жұмыстың практикалық сәттерін қызу талқылады.

         Осылайша, семинарда мектепке дейінгі ұйымда медициналық сүйемелдеу жұмысын дұрыс құру бойынша ұсыныстар берілді.