Басты бет «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсы

«Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсы

 «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсы
Ресурстық-білім беру орталығы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Кәсіпорынның үздік қызметкері» экспресс-конкурсын ұйымдастырды. Конкурстың мақсаты – Кәсіпорынның педагог-қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін ұштау және олардың беделін көтеру болды. Конкурс үш кезеңде өтті: 1-кезең – Кәсіпорында кем дегенде 5 жыл жұмыс істеген педагог қызметкерлердің сапалық құрамына талдау жасалып, Конкурсқа қатысу үшін әр балабақшадан кандидаттар іріктелді; 2-кезең – онлайн-дауыс беру форматында әр балабақшаның атынан 3-ші (ақтық) кезеңге қатысатын бір конкурсант ұсынылды; 3-кезең – бұл кезеңде конкурсанттар қазылар алқасына ерікті нысанда өздерін таныстырды. Конкурстың қазылар алқасы қатысушылардың таныстыруларын креативтілік, бірегейлік, шығармашылық тұрғыдан бағалады. Дауыс беру жолымен Конкурс жеңімпазы анықталды және конкурсанттарға келесі аталымдар берілді: Света Мұратбекқызы Муралимова – конкурс жеңімпазы, «Кәсіпорынның үздік қызметкері»; Татьяна Григорьевна Забажанова – «Жетістігі мол қызметкер»; Нұргүл Сайлаубайқызы Жұманова – «Бастамашы қызметкер»; Марина Юрьевна Полищукова – «Толерантты қызметкер»; Айман Оралбайқызы Төлеген – «Ізгілікті қызметкер». Әріптестерімізді құттықтаймыз және оларға кәсіби жетістіктер тілейміз! Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!