Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесіндегі мектепке дейінгі білім беру қызметтерін цифрландыру

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесіндегі мектепке дейінгі білім беру қызметтерін цифрландыру

ҚР ПІБ Медициналық орталығы жүйесіндегі мектепке дейінгі білім беру қызметтерін цифрландыру
Кезектілік проблемасын, орындарды бөлу кезінде есімдердің қайталану мәселесін шешу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және Кәсіпорынның барлық балабақшасындағы диалог алаңдарының жұмысын ақпараттық жариялау Кәсіпорынның басымдықты бағыттарының бірі болып табылады және осы мақсатта «Электрондық балабақша» - https://e-karlygash.kz/ автоматтандырылған жүйесі іске қосылды. Бірнеше кезеңде жүзеге асырылып жатқан «Электрондық балабақша» - karlygash.e-orda.kz жобасының І кезеңінде келесі жұмыстар аяқталды: - «Мектепке дейінгі білім беру қызметтері», «Балалар контингентін басқару», «Ата-ананың жеке кабинеті», «Медициналық блок», «Кәсіпорын объектілерінің тізілімі», «Деректерді қорғау және интеграциялау» сияқты 6 модульді әзірлеу және іске қосу; - модульдердің интерфейсін жасау және келісу; - модульдерді тиісті ақпаратпен толтыру; - мобильді қосымшаны әзірлеу (қазақ және орыс тілдерінде); - мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерін жоба модульдерімен жұмыс істеуге үйрету; - мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері үшін жүйеде жеке кабинет құру; - ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК-да «Электрондық балабақша» бағдарламалық өнімінің қолжетімділік құқығын шектеу саясатын әзірлеу және бекіту; - «Е-қызмет» ақпараттық жүйесімен интеграциялану бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісім жасалды. Келесі бағыттағы жұмыстар жалғасуда: - ҚР Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалардың, Заңды тұлғалардың, Азаматтық хал актілері жазбаларының мемлекеттік дерек қоры» ақпараттық жүйелерімен, ҚР Еңбек министрлігінің «Мүгедек тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен интеграциялану бойынша келісімге қол қою бойынша ; - кейіннен жүйеге енгізу мақсатында балабақшадан орынға мұқтаждар тізіміне енгізілген балалар бойынша ақпаратты ұсыну үшін мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу. «Электрондық балабақша» жобасының II кезеңін іске асыру шеңберінде қосымша 2 модульді: «Баланың даму мониторингі (білік, дағды)». «Ата-аналармен өзара іс-әрекеттесу» модульдерін әзірлеу және қолданысқа енгізу қарастырылған. Бұл жұмыс аяқталды. Жаңа модульдермен жұмыс істеу үшін Кәсіпорынның жауапты тұлғаларын оқыту жоспарлануда. Қазіргі уақытта жұмыс тестілік режимде жүріп жатыр. Кәсіпорын мен ҚР ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК арасында жасалған 2019 жылғы 15 қарашадағы № 310 шартқа сәйкес жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жүктеме сынағы өткізілді. Сәйкестік актісін алу жұмысы жүргізілуде. Осылайша, білім беру қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті ақпараттық жариялап таныстыру жұмысы Кәсіпорынның әлеуметтік серіктестері желісін кеңейтуге және «Қарлығаш» брендін танымал етуге ықпал етеді.