Басты бет«Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы инклюзивті білім беру» зерттеу жобасы аясын...

«Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы инклюзивті білім беру» зерттеу жобасы аясында «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен өзара ынтымақтастық

«Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы инклюзивті білім беру» зерттеу жобасы аясында «Назарбаев Университеті» ДББҰ-мен  өзара ынтымақтастық
Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы сыртқы ұйымдармен өзара ынтымақтастық, тәжірибе және білім алмасу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осындай жұмыстардың бірі «Қарлығаш» балабақшасының ресурстық-білім беру орталығының әдістемелік жұмыс бөлімінің әдіскері А. А. Мнажатдинованың бастамасымен ұйымдастырылған Кәсіпорын директоры Г. К. Искакованың және директордың қаржы-шаруашылық қызметі жөніндегі орынбасары Ж. О. Асанованың, Назарбаев Университетінің профессоры Филиз Полатпен және профессордың ғылыми ассистенті А. Муссабалинамен, 2020 жылдың 21 қаңтарында бейресми кездесуі болып табылады. Назарбаев Университетінің өкілдері кездесуде түрлі контекстегі инклюзивті білім беру концепциясына тоқталып, инклюзивті мәдениет құрудың маңыздылығы мен қажеттілігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда инклюзивті білімді нәтижелі қолдану мәселелерін сөз етті. Сонымен қатар, профессор зерттеу жобасының мақсаты, міндеті, жұмыс барысы және мерзімі туралы әңгімелеп берді (2020 жылғы қаңтар –2022 жылғы желтоқсан аралығы). Профессор Филиз Полат осы зерттеу жобасына Кәсіпорынның қатысуы үлкен басымдық екенін айта келе, жобаның бүкіл ел үшін маңызды екенін айтты. Нәтижесінде, Кәсіпорын директоры Г.К.Искакова «Қазақстанда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудағы инклюзивті білім беру» зерттеу жобасы бойынша Сараптама комитетінің құрамына кірсе, А.А.Мнажатдинова Назарбаев университеті профессорының ғылыми ассистенті болып белгіленді. Кездесу қорытындысы бойынша келешек ынтымақтастық жоспарланды. Құрамына мектепке дейінгі ұйымдардың, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ПМПК және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірген Сараптама комитетінің бірінші отырысы 2020 жылғы 22 қаңтарда өтті. Жиналыста профессор мен оның ғылыми ассистенттері зерттеу жобасы туралы толыққанды ақпаратпен таныстырып, атап айтқанда жобаның мақсаты, міндеті, әдістемесі, зерттеу құралдары, сондай-ақ жобаға қатысатын аймақтар туралы айтып өтті. Қатысушылар жоба аясындағы ынтымақтастық одан әрі жалғастыру және зерттеу командасына қолдау көрсету мәселелерін талқылады.