Басты бет
›
Әдістемелік күннің өткізілуі туралы ақпарат
Әдістемелік күннің өткізілуі туралы ақпарат
Үстіміздегі жылдың 30 қаңтарында Кәсіпорынның № 1 балабақшасында Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасының эксперттік комиссиясының қатысуымен педагогтерді бірінші және жоғары санатқа аттестаттау шеңберінде қалалық әдістемелік күн өтті.
Сабақ барысында педагогтер тілге бойлау әдісі, кубикоград, көлеңке театры, музыка сабағында театрализация, Пятибратова мен О. Лысенко әдістемесі, Воскобовичтің ойын технологиясы, сингапурлық оқыту әдісі, мнемотехника тәсілдері, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, интерактивті дәліздер мен сөйлейтін қабырғалар сияқты инновациялық әдістер мен технологияларды жүйелі түрде қолдануды көрсетті.
Комиссия мүшелері ұсынылған сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, аттестатталушы педагогтердің шеберлігін, инновациялық әдістерді қолдануда жүйелілігін, бірлескен жұмыста креативті үйлесімділігін атап өтті.
Балалар өздерінің білімі мен іскерліктерін қолдана алатынын, көрсетілген әдістер мен технологияларды еркін меңгеретінін атап өтті. Педагогтермен балалардың арасындағы қарым-қатынастың демократиялық стилі байқалады, балалар өте еркін, өз ойларын ашық айта алады.