«Столица» бизнес-мектебімен» жасалған меморандум аясында (директоры Л. Круглова) ағымдағы жылдың 6 ақпанындағы Кәсіпорын педагогтары «Мектепке дейінгі балалар үшін қаржылық сауаттылық» тақырыбында тікелей эфир форматында вебинарға қатысты.
«Экономикалық сананы қалыптастыру - мектепке дейінгі баланың нақты өмірге жақсы араласуына көмектеседі, жаңа мамандықтар туралы білім алып, олар туралы айтып бере алады», - деп Мәскеу қаласындағы әріптестеріміз осылай өз пікірін айтты. Вебинарды Анастасия Невзорова, «Столица» бизнес - мектебінің оқытушысы, эйдетика және жылдамдату бойынша нұсқаушы, ерте даму және менталдық арифметика педагогы, ТРИЗ-педагогі, американдық технологияның оқыту негіздері бойынша курс нұсқаушысы жүргізді.
Ертегідегі экономика туралы, ақшаның пайда болу тарихы туралы білу қызықты болды.
Сондай-ақ, вебинарда осындай да сұрақтар талқыланды:
- сюжеттік-дидактикалық ойындар;
- кредиттік жүйе балалар тілімен;
-фольклор арқылы экономикаға көзқарас;
- өткен және қазіргі маркетинг;
- өнер әлеміндегі жарнама;
- өз әлемі-өз ақшасы;
- сыни және креативті ойлау және т.б.
Бұл тақырыпққа қызығушылық танытқандар және балаларды экономикалық құбылыстарға бағдарлауға үйретуді қалайтындар үшін, онлайн нұсқасы сілтеме бойынша қолжетімді: http://m.mirapolis.ru/m/miravr/7535713696