Басты бет
›
№3 балабақшада өткен Әдістемелік күн шарасы туралы ақпарат
№3 балабақшада өткен Әдістемелік күн шарасы туралы ақпарат
Кәсіпорын балабақшалары жұмысының басым бағыттарының бірі -педагогтардың біліктілігін арттыру болып табылады. Біліктілікті арттыру жұмыстарының аясында ұйымдастырылатын Әдістемелік күнге құрамына Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі білім беру саласының үздік педагогтары кіретін Сараптама комиссиясы міндетті түрде шақырылады.
Осы мақсатта 2020 жылдың 10 ақпанында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» шаруа жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының №3 балабақшасында Әдістемелік күн шарасы болып өтіп, құрамына Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, балабақшалардың әдіскерлері, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері кірген Сараптама комиссиясы аттестатталатын педагогтардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін тамашалады.
Биыл В.Г.Кузгамбаева, Қ.Қ.Маскауов және Г.Қ.Әбілғазина сынды педагогтар біліктіліктерін арттыруға өтініш беріп отыр, оның ішінде Виктория Кузгамбаева мен Қайрат Маскауов мерзімінен бұрын аттестацияға өтініш беруде, бұл жас педагогтарға қолдау көрсететін әдістемелік қызметтің белсенділігін көрсетеді.
Сарапшылардың назарына хореография/ағылшын тілі, дене шынықтыру, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру/қоршаған ортамен таныстыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің біріктірілген түрлері ұсынылды.
Аттестатталатын педагогтар инновациялық әдістер мен технологияларды (Гельштат әдісі, ойын стретчингі, степритмика, сингапурлық технология, Воскобович технологиясы, орфпедагогика элементтері, Рэджио-педагогика, STEAM-технология, квест-технология, ИКТ) қолданудағы кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Сарапшылар балалардың танымдық белсенділігін көрсеткен сабақтың мазмұндылығын, жоғары сапасын, педагогикалық ұжымның инновациялық технологиялармен жүйелі жұмысын, кәсібилігі мен ұйымшылдығын атап өтіп, бірауыздан «барлық педагогтар біліктілік санатына сәйкес келеді» деген баға берді.
Қонақтар ұжымға шығармашылық табыс тілеп, Кәсіпорын балабақшаларының шығармашылық пәндік-кеңістіктік дамыту ортасы замана талаптарына сай екенін айтты.