Басты бет3 ақпанда өткен Әдістемелік күн шарасы, № 2 балабақша

3 ақпанда өткен Әдістемелік күн шарасы, № 2 балабақша

3 ақпанда өткен Әдістемелік күн шарасы, № 2 балабақша
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында № 2 балабақшада педагогтарды бірінші санатқа аттестаттау шарасының аясында Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы Сараптама комиссиясының қатысуымен қалалық Әдістемелік күн болып өтті. Сараптама комиссиясына аттестациядан өтетін педагогтың инновациялық форматтағы үздік сабақ тәжірибесі таныстырылды. Сүгірова Анар Сақыпқызы сабақ барысында Дьенеш блоктары, оқытудың сингапурлық әдісі, тілдік ортаға бойлау әдісі, денсаулық сақтауға, жеке тұлғаны бағыттауға арналған технологиялар, интерактивті жабдықтар сияқты инновациялық технологиялар мен әдістемелердің көмегімен балалардың логикалық ойын қалай дамытуға болатынын көрсетті. Сараптама комиссиясының мүшелері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоғары деңгейде өткенін, педагог түрлі қызмет түрлерін пайдалана білгенін, бірнеше білім беру саласын біріктіргенін, инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді жақсы меңгергенін және оларды жүйелі түрде қолданғанын атап өтті. Балаларға арналған қызықты сәттер мен ойын түрлері балалардың танымдық қызығушылығын арттыра түсті. Балалар «Аққалаға» оның мәселелерін шешуге көмектесуге тырысты. Ойын түрінде «тар-кең» математикалық ұғымдарымен танысты, геометриялық фигуралар туралы білімдерін, «сол жақ-оң жақ, ұзын-қысқа» деген ұғымдарын бекітті. Сондай-ақ, балалардың үлестіру материалдарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар екені, олар өз білімдерін, іскерліктерін қолдана алатындығы, ересектермен еркін байланыс жасай білетіндігі, командада жұмыс істеуге үйренгендері, бір қызмет түрінен екіншісіне динамикалық ауыса алатындығы атап көрсетілді. «Педагог демонстрациялық және үлестіру материалдарын өз қол жасағаны қуантады. Барлық ұжым педагогтарының ықпалдастық негіздегі жұмысы көрініп тұр», - деп түйіндегі өз ойларын Сараптама комиссиясының мүшелері. Аттестаттау комиссиясы «педагогтің біліктілік деңгейі мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді» деген баға берді.