Тәрбие жұмысы тұжырымдамасында «Қарлығаш» балабақшасы ұстанатын маңызды бағыттың бірі - отбасымен жұмыс істеу болып табылады. «Отбасындағы бақытты бала – қоғамдағы табысты азамат» деген отбасылық тәрбие формуласы психологтардың балалардың ата-аналарымен жүргізетін жұмыстарына арқау болып отыр.
12 ақпан күні № 3 балабақшада мейрбан ата-аналар клубының отырысы өтті. Бұл кездесу психологиялық тренинг форматында өтті. Қатысушылар өз ой-пікірлерімен, балаларды тәрбиелеу бойынша уайымдармен бөлісуге, өздерінің ата-ана ретіндегі ұстанымдарын зерттеуге, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Ата-аналар әр жастағы балалардың өзіне тән мәселелерін талқылады, баланың дамуына не ықпал ететінін, оны өз бетінше және басқалардың ықпалынан тәуелсіз болуға қалай үйрету керектігін ойлады. Қатысушылар осындай мәселелерді шешуге көмектесетін практикалық ұсыныстар мен ақпараттар алды.