Құрметті әріптестер, ата-аналар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн еліміздің ең басты мерекелерінің бірі, халқымыздың берік достығының, бірлігінің символына айналды.
Қазіргі Қазақстан – бейбітшілігі мен келісімі, достығы мен бірлігі жарасқан 130 – дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын мемлекет.
Олардың өзіндік ерекшелігі, бірегей салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарына қарамастан біз бір шаңырақ астында өмір сүріп келеміз.
Осы мерекеге орай Сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, береке мен бірлік тілеймін. Әрқайсыларыңыздың игі істеріңіз Қазақстанның тұрақтылығы, бірлігі мен өркендеуіне ықпал етсін!