Барлығымызға бейбітшілік қажет! Жарқын күн, ашық аспан қажет! Барлық балаларға ана, әке, достар және бақытты Отан қажет!
Ұлы Жеңістің 75 жылдығы – айтулы күн жақындап келеді. Жеңіс күні - Ұлы Отан соғысы ұрпақтарын есте сақтауға арналған маңызды бүкілхалықтық дәстүрлердің бірі. Олар майданда соғысқан, тыл ұстаған, жеңіске жеткендер және ұрыстан қайтып оралмағандар әрбір отбасыда бар. Олар мәңгі есімізде...
ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК РБО «Сіз біздің жүрегіміздесіз!» атты Кәсіпорын педагогтеріне, балалар мен ата-аналарға арналған қашықтық жобаны іске асырады.
ЖОБАДА:
- мәнерлеп оқу сайысы;
- отбасы батырлары туралы құттықтаулар, әңгімелер мен бейнелер;
- әскери жылдар тақырыбына арналған ұсақ-түйектер;
- «Мәңгілік полк - әлемнің маржаны!» тақырыбында челлендж.
Жоба арқылы бүкіл елдің ғана емес, сонымен қатар әрбір отбасының батырлық ерлігі туралы көбірек біле аламыз! Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алайық және ардагерлерге құрмет көрсетейік!