Басты бетФотоконкурс форматындағы онлайн-жобаға қатысуға шақырамыз!

Фотоконкурс форматындағы онлайн-жобаға қатысуға шақырамыз!

Фотоконкурс форматындағы онлайн-жобаға қатысуға шақырамыз!

Балалық шақ – ол бақытқа, қуанышқа, күлкіге толы күндер!   Балалық шақ – ол асыл армандар, шынайы достар. Балалық шақ - өмірдегі ең маңызды және ең керемет кезең!

 

Құрметті ата-аналар мен балалар!

 

 ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК Ресурстық-білім беру орталығы 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ересектер мен балаларға арналған «Біз - астананың бақытты балаларымыз!» фотоконкурс форматындағы онлайн-жобаға қатысуға шақырады!

 

‼️ Қатысу шарты:

Балаларды қорғау күніне арналған мазмұнды және мерекелік фотоколлаж жасау үшін онлайн-жобаның әрбір қатысушысы екі жұмыс ұсынады (баланың өз қолымен салған суреттің фотосы + селфи-фото):

 

 1. «Біз – жаһан балаларымыз!» тақырыбындағы балалар суретінің фотосы

- онлайн-жобаға қатысушының суреті тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;

- суретті орындау техникасы әртүрлі: акварель, май, гуашь, тушь, қарындаш, балауыз борлары, пастель;

- суретті сканерлеу керек (фотосуретке түсіру);

- қатысушы тек бір жұмыс ұсына алады;

- суретті кімнің салғаны көрсетілуі керек (баланың аты-жөні, жасы, тобының атауы);

 2. «Selfie Time» фотосы (селфи тайм)

- байқауға қатысушының уақытты қызықты өткізіп жатқан сәтін фотосуретке түсіріңіз;

- байқауға қатысушының бір фотосуретін жолдаңыз (отбасымен немесе достарымен бірге түскен фото)

 

Онлайн-жобаның өлшем шарттары:

- байқау тақырыбының ашылуы

- идеяның ерекшелігі

- баланың шеберлігі

- шығармашылық көзқарасы

- безендірілу эстетикасы

Онлайн-жобаға қатысатын барлық сурет пен фотоматериал тек берілген тақырып бойынша электрондық форматта, баяндалған талаптарға сәйкес және белгіленген мерзімнен кешікпей қабылданады.

 

Жұмыстар zabazhanova@inbox.ru электрондық мекенжайына 28 мамырға дейін   қабылданады!

 

Материалдар 30 мамыр – 1 маусымда жарияланады. Онлайн-жобаның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар дипломмен марапатталады.