Біздің Кәсіпорында балаларды қорғау күні – Балалық шақтың басты мерекесі өте қуанышты, көңілді өтті.
Смешинка, Фиксики – нолик, Фиксики – симка, Миньон, Кәмпит, Жаз кейіпкерлері балаларды әдемі түрлі-түсті шарлармен, көңілді музыка, ойындар, ән, бимен қарсы алды.
Мереке "Портреттер галереясы" атты асфальтта сурет салумен жалғасты, балалар түрлі-түсті борлармен аналарының сәреттерін салды. Тәрбиешілер балалармен бірге "Оригами музейін" ұйымдастырып, сол жұмыстармен өз күркелерін безендірді.
Барлық суреттер әр түрлі болғанымен, "Бақытты балалық шақ"атты ортақ тақырыпқа айналды.
Бұл күні әр бала өздерімен бірге Кәсіпорынның әр баласына арналған мерекенің ұшқынын алып кетті!