Іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық жастағы топтарда апта бойы «Почемучки күні», «Эксперименттер күні», «Шығармашылық күні», «Көңілді ойындар күні», «Таныстыру күні» сияқты іс-шаралар өткізілді.
Апта балалардың көмегіне мұқтаж көңілді де тапқыр Самоделкинмен кездесуден басталды:
- «Почемучки күні» Самоделкин топтарды аралап, балаларға айрықша тапсырмалар берді. Балалар сөзжұмбақтар мен ребустарды шешіп, ойыншықтарды жөндеді, достарының эмоцияларын көрсетуге және түсінуге, қиялды ұштауға және шығармашылық ойлауды дамытуға негізделген психожаттығуларды орындады.
- «Эксперимент күні» балалар сумен және құммен тәжірибелер жүргізді, квест-ойындар ойнады.
- «Шығармашылық күні» балалар қағаздан құрастыру, өз қолдарымен стакан жасау, яғни оригами техникасы сабағына қатысты. Көңілді ойындар ойнау, ертегілер оқу және оларды сахналау - балалардың эмоцияларын, жаз мезгілінен алған әсерлерін еселей түсті.
- «Таныстыру күні» йохокубтардан жасалған роботтардың көрмесі ұйымдастырылды.