Ресурстық білім беру орталығы сіздерді Галилео Галилей мұражайы деп аталған Ғылым тарихы институты мен мұражайына виртуалды саяхат жасауға шақырады!
Галилео мұражайы (Museo Galileo) XI ғасырда салынған ескі Кастеллани сарайында орналасқан. 2010 жылға дейін мекеме институт және Ғылым тарихы мұражайы деп аталды.
Виртуалды мұражайда балалармен бірге жүріп, Галилейге Юпитердің спутниктерін ашуға көмектескен екі телескоп пен объектив линзасын көрсетуге болады. Қызығушылық тудыратын басқа өнертабыстардың ішінде әйнек термометрлері, микроскоптар мен метеорологиялық құралдар, велосипедтер мен карталар, кейбір гравитациялық эксперименттер бар.
Ссылка: catalogue.museogalileo.it