Басты бетБірінші педкеңес туралы

Бірінші педкеңес туралы

Бірінші педкеңес туралы Бірінші педкеңес туралы

Педагогикалық кеңес - бұл педагогтердің тұрақты жұмыс істейтін алқалы өзін-өзі басқару органы.

ҚР ПІБ МО "Қарлығаш "балабақшасы" ШЖҚ РМК инновациялық-тәжірибелік жұмыс бөлімі Кәсіпорынның барлық балабақшаларында онлайн режимде "Басым бағыттар мен перспективалар" тақырыбында № 1 алғашқы педагогикалық кеңесін ұйымдастырды.

Бұл педагогикалық кеңестің мақсаты - 2020-2021 жылдарға арналған оқу-тәрбие жұмысының негізгі мәселелерін қарастыру және түйінді мәселелерді шешу болды. Педагог мамандар жаңа оқу жылы қазіргі таңда әлем бойынша   өршіп тұрған VUCA жағдайында (тұрақсыздық бен белгісіздік орын алған, күрделі және бұлыңғыр кезеңде) өтетінін еске салды.

Кезекші топтар және қашықтықтықта оқыту жағдайындағы жұмыстың жоспарлары мен перспективалары талқыланды.

педсовет1

Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша педагогтер қауымы:

1. Кәсіпорын балабақшаларындағы жазғы дамыту-сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық деп тану.

2. Режимдік сәттерді қатаң сақтау, балалардың балабақшаға тұрақты келуін қамтамасыз ету, ұйымдастырылған оқу-қызметінің нәтижелігі мен алуан түрлілігін арттыратын инновациялық технологиялар мен әдістерді сауатты қолдану арқылы тәрбие-білім беру процесінің сапасын арттыру.

3. 2020-2021 оқу жылына арналған жылдық жоспарды, оқу жұмыс жоспарын, күн тәртібін, ұйымдастырылған оқу-қызметінің кестесін бекіту (толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ескере отырып).

4. Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда балаларды қашықтан оқытудың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету.

5. 2020-2021 оқу жылында педагог кадрларды жоспарлы аттестаттаудан өткізу және әдістемелік қолдауды күшейту туралы бірауыздан шешім қабылдады.

педсовет2