Басты бетБалабақшадағы білім күні!

Балабақшадағы білім күні!

Балабақшадағы білім күні!

Біздің балабақшамыз 1 қыркүйек күні Білім күнін атап өтті! Білім күні – ерекше мереке! Ата-аналарымен әбден қыдырған, ұзақ уақыт демалыста болған балалар, жазғы ойын-сауықтарынан кейін тәрбиешілерімен және достарымен балабақша қабырғасында қайта жүздесіп отыр. Енді олардың өмірінде қоршаған ортамен танысуға, көп нәрсені үйренуге, өздерін танып-білуге мүмкіндік беретін сабақтар, әңгімелесулер, мерекелік іс-шараларға толы жаңа кезең басталады.

Біздің балабақшамыз 1 қыркүйек күні

Бұл күні балабақша педагогтері тәрбиеленушілер үшін үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырды: спорт алаңында жұмбақтар айтылды, ойындар ойналып, билер биленді.

Біздің балабақшамыз 1 қыркүйек күні

Біз ата-аналар мен балаларды, педагогтерді мерекемен құттықтаймыз! Жаңадан басталған оқу жылы қызықты іс-шараларға, жақсы жаңалықтарға, жаңа достарға толы болсын! Сіздерге күн сайын жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!

Біздің балабақшамыз 1 қыркүйек күні