Отбасы күніне орай біздің балабақшада «Мерекелік отбасылық күнтізбе» деген атаумен шығармашылық іс-шара өтіп, оған балалар мен ата-аналар белсенді қатысты. Олар өз отбасыларындағы атаулы күндерге арналған және әр отбасының өз шығармашылық қолтаңбасымен ерекшеленген күнтізбелер жасады. Бұл идея балаларды отбасындағы құндылықтар мен салт-дәстүрлерге құрметтеуге баулудың өзіндік бір көрінісі болды.