Басты бет«Тіл - елімнің айнасы»

«Тіл - елімнің айнасы»

«Тіл - елімнің айнасы»

Кәсіпорын балабақшасының қазақ, орыс және ағылшын тілі мұғалімдері барлық жас топтарында «Қазақстан халқының тілдер күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізді.

Үш тілде өткен шараға қатысқан әр топтың балалары «Ұлттар ауылы», «Қазақстан халқының ұлттық тағамдары», «Музыкалық нота» деп аталатын 3 станция арқылы жүріп өтті. Бұл саяхатқа қатысқан балалар ойын барысында республикада қандай тіл бар екенін, қанша ұлт пен ұлыс тұратынын айтып өтті.

Балалар сондай-ақ жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдер айтып және ана тілдерінде сөйлем құрастырып жарысты, ұлттық ойындар ойнады, билер биледі. Бір станциядан екіншісіне ауыса отырып, балалар ойын ойнап қана қойған жоқ, олар коррекциялық-дамыту бағытындағы түрлі тапсырмаларды орындады.

Іс-шара соңында балалар әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы - ана тілі екендігі, оны әркім құрметтеуі керектігі туралы түйін жасады.