Қиял мен шығармышылыққа кеңінен жол беретін, толып жатқан алуан түрлі сый-сыяпат пен көптеген материалдарға толы, жылдың ең керемет, ең жарқын, ең дархан да алуан түсті, көркем мезгілі - Алтын күз келді.
Қазанның 05 - 09 аралығында біздің Кәсіпорында бүкіл топтар арасында «Күз шеберханасы» атты балалардың қиялынан туындап, өз қолдарымен жасаған бұйымдардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге балалар мен ата-аналардың бірлесіп орындаған онлайн және офлайн режиміндегі жасаған композициялары мен әр түрлі сюжеттерге арналған бұйымдары ұсынылды. Ерекше көзге түскен композициялар мен бұйымдар өте көп болды.
Осындай көрмелерді ұйымдастыра отырып, біз баланың және оның ата – анасының бірлескен іс-әрекеті, көркемдік-эстетикалық талғамды, қиялды дамыту мақсатын көздейміз.
Қолөнер өте ерекше болды, балалар көрмені үлкен қызығушылықпен қарап, өз жұмыстары туралы мақтанышпен айтады.