Балабақша педагогтары ата-аналармен «Балалардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында онлайн-кездесу өткізді. Басқосудың ерекшелігі сол, бұл «шай үстіндегі кездесу» болды. Педагогтер мен ата-аналар балалардың сөйлеу тілін дамытудың тиімді әдістері туралы сөйлесті. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің педагогтері балаларды дұрыс сөйлеуге, олардың сөздік қорын толықтыруға және үйде, жолда, көлікте сөйлеу дағдыларын дамытуға үйрететін тәсілдермен таныстырды. Педагогтерді ерекше ықыласпен тыңдаған ата-аналар, мамандардың кеңестерін назарға алғандарын және балаларымен қарым-қатынаста оларды қолдануға дайын екендерін жеткізді.