Ұжымда өмір сүру әр адамға қажет. Ол ұжымда өмірлік тәжірибе алады, ақыл – ойын, танымын қалыптастырып, өз қасиеттерін, білімін, дағдысын жетілдіре алады. Қаншалықты ұжым ұйымшыл болса, соншалықты ұжымның психологиялық денсаулығы да жоғары болады. Оның жеке тұлға болып қалыптасуы, жүріп жатқан жұмыстың тиімділігі де осы ұжымдағы ұйымшылдыққа тікелей байланысты.
Қазанның 16 жұлдызында Кәсіпорында «Біз ұжымбыз» атты ұйымшылдыққа арналған тренинг өтті. Тренинг алдында барлық қатысушылыларға санитарлық ережелерді сақтау керек екендігі түсіндірілді. Бұл тренингте әр-түрлі жаттығулар мен жағдаяттар қарастырылды. Атап айтсақ: «Қар кесегі», «Сиқырлы әуендер», «Майлық», «Менің ұқсастығым мен айырмашылығым» т.с.с. Қатысушылар ұйымшыл болу үшін қандай қабілеттерін дамыту керек екендігін талқылап, ойларымен бөлісті. Тренинт соңында қатысушылар ұйымдасқан ортада, ұжым үлкен жеңіске жететіндігін түсініп, әрқашан тату-тәтті ұжымға айналуды мақсат етіп қоятындықтарын айтты.