Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту, кеңістікте бағдарлану, есте сақтау, көру арқылы қабылдау, ойлау және қолдың ұсақ моторикасы, тыныс алу, сөйлеу мүшелерінің қозғалысы үшін – біздің логопед - мамандар және Кәсіпорынның дефектологы ересек және мектепалды даярлық топ балаларына арналған "Логоритмика" бес минуттық ойынын өткізді.
Бұл инновациялық әдістер интеллектуалды-танымдық үдерістерге, дыбыстың артикуляциясын дұрыс айту және өзін-өзі бақылау дағдыларына тиімді әсер етеді; дыбыстарды буынға, анық, таза сөзбен айтуға үйретеді. Сонымен қатар, мамандар Е.С. Железнова, М. Ю. Картушинаның әуендеріне бейімдеп, үйлестірді, "көңілді торғайлар", "жеңіл қауырсын", "алғашқы қар" логоритмикалық жаттығулары балаларға үлкен қызығушылықпен және жағымды эмоциялармен орындауға мүмкіндік берді.