Басты бетБақытты бала өсіреміз

Бақытты бала өсіреміз

Бақытты  бала өсіреміз Бақытты  бала өсіреміз

1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік балалар күнін жариялады. Ол 20 қарашада бүкіл әлемде балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға арналған әлемдік бауырластық және балалардың өзара түсіністік күні ретінде атап өтіледі.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың алдына балалардың қауіпсіз және жайлы өмір сүру жағдайларын жақсарту жөнінде міндеттерін қойды.

Осы ретте "Қарлығаш" балабақшасы ҚР мектепке дейінгі ұйымдарының флагманы ретінде бақытты баланы тәрбиелеуге айтарлықтай өз үлесін қосып келеді. Қабылданған "Жылы шырайлы балабақша" тұжырымдамасы балабақшадағы баланың дамуы мен өзара әрекеттесуінің барлық аспектілерін қамтып,бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тең бағытталған.

Төмендегі 4 құзыреттілік: креативтілікті, сыни ойлау, байланысқа бейімділік, командада жұмыс істей білуі үшін, балабақша баланың дамуына ықпал ететін үздік инновациялық технологиялар және заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Балабақшаның жарқын, зияткерлік-ынталандырушы заттық-дамытушы кеңістіктік ортасы әр балаға өзін жақсы көретінін және қорғалғанын, оған сенім артатынын және барлық жағынан қолдау көрсететінін сезінуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның барлық қызметкерлері: педагогтер, медицина бөлімі және қызметкерлер балалардың бақытты болуына мүмкіндік беретін оңтайлы, қауіпсіз, қолайлы жағдай жасайды. Тәуелсіз еліміздің болашақ табысы мен бақыты мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің қаншалықты бақытты және табысты болуымен тікелей байланысты екенін әрдайым есте сақтауымыз керек.