Басты бет «Педагог көшбасшылығы» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!

«Педагог көшбасшылығы» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!

 «Педагог көшбасшылығы» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!
ЖАҚЫН АРАДА! 27 қараша 2020 жыл!

 «Педагог көшбасшылығы» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР!

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР, сағ.:10.00 - 17.00

Құрметті мектепке дейінгі ұйым педагогтері!
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК Сіздерді тәжірибелік бағыттағы онлайн-іс-шараға шақырады.

 Онлайн-шараның мақсаты - мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселелерін талқылау.
Қорытындылай келе, «Педагог - Көшбасшы» моделін ұсыну жоспарланып отыр.

Семинар бағдарламасында:
- көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту принциптері мен тәсілдерін аша отырып, педагогтың іс-әрекетін іс жүзінде көрсету;
- эфирде республиканың және шет елдердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін талқылауы;
- WEB талқылауы – ақпарат пен тәжіриби алмасу алаңы.
  
Фокус - аймақтар:
        Қазақстан Республикасының Нұр – сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарының білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-практиктері;

Шақырылған қонақтар:
      Қазақстандық университеттер мен колледждердің өкілдері;
      «Астана» Халықаралық университетінің өкілдері;
      РГКП «Білім және ғылым министрлігінің «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және денсаулық орталығы, Алматы қ.;
      "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты;
      ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» РМУ республикалық орталығы;
      «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ «Астана қаласының Халықаралық мектебі» филиалының балабақшасы;
      Елордадағы мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогикалық қызметкерлері.


 Арнайы қонақтар - халықаралық серіктестер:
      Веннецкая О.Е., Халықаралық педагогикалық мектепке дейінгі білім беру академиясының (ХПМББА) проректоры, Мәскеу, РФ;
      Данилина Т.А., «Замок детства» балабақшасының меңгерушісі, директордың орынбасары Мәскеу облысы, РФ;
      Воскобович В.В., «Воскобовичтің дамытушы ойындары» ЖШҚ, Санкт-Петербург, РФ.

СІЗДІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРЫП, ДИАЛОГҚА АШЫҚПЫЗ!