«Жаңа жыл» мерекесі - баршамыз асыға күтетін мереке, сонымен бірге үйімізді ерекше безендіруді, жақындарымызға өз қолымызбен сыйлықтар жасауды қажет ететін де кезең. Біздің балабақшамызда ересектер мен балалар жаңажылдық мерекеге бірге дайындалатын, өз қолдарымен небір әдемі бұйымдар жасайтын жыл сайынғы дәстүр бар.
Бірақ та, биыл біз «Аяз Атаның шеберханасы» атты жаңа онлайн-жобаны бастап отырмыз - бұл идея балалар мен ата-аналарға сиқырлы жаңажылдық атфосфераға бойлап қана қоймай, әдемі әшекейлер мен бұйымдар жасау процесінен оң эмоция алуға мүмкіндік береді.
«Қысқы ертегі» деп аталатын тағы бір танымдық онлайн-жоба ата-аналарға тәрбие-білім беру процесіне белсенді ат салысуға мүмкіндік беріп отыр - ата-аналар балаларына күрделі логикалық, танымдық ертегілерді және басқатырғыштарды шешуге көмектесті.
Бұл жоба балалардың танымдық белсенділігін, коммуникативтік дағдыларын арттыруға, ең бастысы, балабақша тәрбиешісі мамандығына және жалпы балабақшаға деген ата-аналардың оң көзқарасын нығайта түсті.