2020 жылғы 24-30 желтоқсан аралығында №2 балабақшаның барлық тобында жаңажылдық ертеңгіліктер өтті.
Мерекелік сценарий бойынша, ортаңғы топтарда – Аяз Атаны адастырақ болған Қоян ормандағы жолбегілерді ауыстырып қояды. Ал Қарша қыз бен Аққалаға ерген балалар кедергілерді жеңе отырып (ойындар ойнап, ән айтып, би билеп) Аяз Атаға баратын жолды іздеп табады.
Ересек балалар топтарындағы ертеңгілік сценарийі ойынша, Аққала балалармен бірге өзінің жоғалған сәбіз мұрнын іздейді. Жолда олар аңдарды, қар ұшқындарын кездестіреді, ақыр соңында ормандағы Жалмауыз Кемпірдің үйіне тап болады. Жалмауыз Кемпір балаларды ешжаққа жібермей, үйінде қалдырғысы келеді. Ал балалар ән айтып, би билеп, аспаптарда ойнап, яғни, бар өнерлерін ортаға салып, Жалмауыз Кемпірден үйлеріне қайтаруды өтінеді. Осы кезде Аяз Ата келіп қалады да, одан қорыққан Жалмауыз Кемпір қашып кетеді. Ойын кезінде балалар Аяз Атаның қолғабын, ал қолғаптың ішінен Ақшақардың сәбіз мұрнын табады.
Мектепалды топтарында сценарий бойынша сахнада цирк әртістері: (фокусшылар, клоундар, гимнасттар, т.б.) өнер көрсетп жатады. Олардың өнерін тамашалауға келген Қар Патшайымы Аяз Атаны мұз етіп қатырып тастағанын мәлім етеді. Балалар ән айтып, би билеп, Қар Патшайымының көңілін көтеруге тырысады. Олардың өнеріне риза болған Қар Патшайымы Аяз Атаны мұз құрсауынан босатады, сөйтіп мереке әрі қарай жалғасады.