Достар, біз сіздерді Вашингтондағы Жаратылыстану тарихы ұлттық мұражайына онлайн-серуендеуге шақырамыз (сілтеме арқылы өтіңіздер). Бұл - адамдар көп баратын әлемдегі ең танымал мұражайдың бірі. Мұражай қорында өсімдіктердің, жануарлардың қазба сүйектерінің, минералдардың, тау жыныстары мен метеориттердің, археологиялық және мәдени жәдігерлердің 126 миллионнан астам үлгісі бар. Мұндағы балаларды қызықтыратын ең ерекше тур - Динозаврлар залы. Динозаврлар залында жануарлардың тасқа айналған қаңқалары мен құйылған модельдері, соның ішінде Рекс Тиранозаврының моделі бар. Серуенді мазмұнды және қызықты өткізулеріңізге тілектеспіз.