Басты бетАман болыңыздар!

Аман болыңыздар!

Аман болыңыздар! Аман болыңыздар!
Достар! Балаларыңызды шынықтырасыздар ма? Шынығып, шымыр болып өскен бала қатты желден де, аяздан да, қолайсыз ауа райынан да қорықпайды. Шынықтырудың негізгі факторлары - Күн сәулесі, Таза ауа және Мөлдір су. Балаларды қысы-жазы шынықтыруға болады - үзіліс жасаудың қажеті жоқ, мүмкін болса, шынығудың қарқыны мен уақытын арттырып отырған дұрыс. Мысалы, қысқы серуен кезінде қар лақтырып қуаласуға, Аққала жасауға, «Царь горы» ойынын ойнауға болады. Ең бастысы, табысты шынығудың кепілі - тұрақтылық екенін есте ұстаңыздар! Күнделікті таза ауаға шығып серуендеңіздер, жақсы шыныққан баланың ағзасы тұмауға қасқайып қарсы тұра алатын болады. Аман болыңыздар!