Басты бет
›
«Балғын ұрпақ, ардақта ана тіліңді» тақырыбындағы мемлекеттік тілі апталығын
«Балғын ұрпақ, ардақта ана тіліңді» тақырыбындағы мемлекеттік тілі апталығын
25.01. - 29.01.2021 ж. күндер аралығында «Балғын ұрпақ, ардақта ана тіліңді» атты қазақ тілі апталығын өткізу жоспарланып, 25-қаңтар күні ересек топтарында жас ерекшеліктеріне орай апталықтың ашылу рәсімі өтті. Апталықтың ашылуына Әли мен Айя қонаққа келіп, алдымен қыс мезгілі туралы мультфильмінен үзінді көрсетілді. Муьтфильмде айтылған жаңылтпашты балалар Әли және Айямен бірге жаттады. Келесі кезеңде Қазақ әліпбиіне тән әріптерден басталатын сөздер арқылы сұрақ-жауап өткізілді. Балалар әр сұраққа көрсетілген қазақ әліпбиі әріптері арқылы жауап беріп, «Ханталапай», «Тақия тастамақ», «Қыз қуу» қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Сонымен қатар суреттер арқылы мақалды жалғастыру кезеңінен де балалар сүрінбей өтті. Балалар жоспарланған іс-шарадан көп қуаншты әсер алды.
27-қаңтар күні жоспар бойынша «Ана тілін ардақтайық» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайыста ересек және мектепалды даярлық тобының балалары оза шауып, ана тілі туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре айтып берді. «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген тақырып бойынша бесікке салу рәсімін көрсетілді. Әр балаға ана тілі біріншіден, ананың ақ сүтімен даритындығы, екіншіден, «Сүйемін туған тілім анам тілін, бесікте жатқанымда-ақ берген білім» дегендей әр адамның құлағында туған тілі осы бесік жыры арқылы мәңгілікке сіңе бастайтындығы көрсетіліп, «Асық ату», «Арқан тарту» ойындарын қуана ойнады. Апталықтың қорытынды кешінде ерекше өнерін көрсете білген балаларға мақтау қағаздары үлестіріледі.
Қазақ тіліне тән әріптер көрмесі толықтырылып, балалармен бірге «Әжеммен бірге оқимын!» тақырыбында өздерінің сүйіп тыңдайтын қазақ тіліндегі ертегілер мен әңгімелер көрмесі жасалынды.