Басты бет
›
2021 жылғы 15-19 ақпан аралығындағы «Жақсы істер» туралы ақпарат
2021 жылғы 15-19 ақпан аралығындағы «Жақсы істер» туралы ақпарат
2021 жылғы 15-19 ақпан аралығындағы «Жақсы істер» туралы ақпарат
1. Балабақша тәрбиеленушілері:
- Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының «Жұлдыздар шеруі» халықаралық фестиваль-байқауына қатысып, 4 жүлделі орынға ие болды.
Атап айтқанда:
«Көркем сөз» конкурстық номинациясында - І дәрежелі диплом,
«Бейнелеу өнері» конкурстық номинациясында - І дәрежелі 2 диплом,
«Вокалдық орындау» конкурстық номинациясында - І дәрежелі диплом алды.
- «Пони – Палитра» халықаралық байқауында жүлделі 12 орынға ие болды.
Атап айтқанда:
І дәрежелі 1 диплом;
ІІ дәрежелі 7 диплом;
ІІІ дәрежелі 2 диплом жеңіп алды.
2. Педагог-психолог А.О.Төлеген «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсына қатысып, «Сабақтың үздік конспектісі» номинациясы бойынша І - орынды қанжығасына байлады.
3. 2021 жылғы 17 ақпанда әдіскер Ботагөз Зайнулловна Ботбаева балабақшадағы серуендеу сабағына арналған «Табиғатқа бірге шығамыз!» әдістемелік әзірлемесіне авторлық құқық алды.
4. 2021 жылғы 9 ақпанда келесі өзекті тақырыптар бойынша балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен онлайн-кездесу ұйымдастырылды:
- «Мектепалды даярлық - табысты оқытудың негізі»;
- Мектепалды даярлық топтарының балаларын онлайн/офлайн форматта даярлау;
- «Мектепалды топ балаларының 2020-2021 жж. І жартыжылдығындағы қатысу көрсеткіштері;
- «ЮНИСЕФ-тің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі ұсынымдары.