Басты бет
›
«Көктем келді» суреттер мен қолөнер көрмесі
«Көктем келді» суреттер мен қолөнер көрмесі
1 - 9 сәуір аралығында № 2 балабақшада «Көктем келді» тақырыбында табиғи қалдық материалдардан жасалынған суреттер мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тәрбиешілер мен балалар және ата-аналармен бірлесіп жасаған жұмыстарын көрмеге қойылды.
Өздерінің тамаша көктемгі жұмыстарында балалар балабақша аумағында, ата-аналарымен серуендеуден кейін көктемгі табиғатқа тән белгілерді көрсетті. Шығармалар әр түрлі болғанымен, әр туынды өзінше ерекше қызықты болып шықты. Балалар өз жұмыстарында өздерінің білімдері мен дағдыларын, туған жерге деген сүйіспеншілігін көрсетті, оның өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас даралығын көрсете алды. Көрме сәуір айының соңына дейін жалғасуын табады.