Театр өнері балалардың сезіміне және эмоциясына әсер етеді, олардың дүниетанымын кеңейтеді, сөйлеу тілін дамытып, сөздік қорын байытады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады және ақыл-ой қабілетін дамытады. Біздің балабақшаларымызда 17-21 мамыр аралығында театрлық қойылымдар апталығы өтті.
Апталық аясында балалардың қатысуымен шығармашылық жұмыстар жүргізілді, атап айтқанда, балалар диалогтар дайындады, рөлдер сомдады, іс-қимылдарды үйренді. Тәрбиешілер балалармен бірге қойылымға арналған атрибуттар дайындады. Балалар актерлік шеберліктерін көрсетті.
Театр апталығы - болашақ мектеп оқушыларының эмоциялық интеллектін дамытудың бір сатысы болып табылады.