Басты бет
›
«Бала мектеп табалдырығында» мейірбан ата-аналар клубы
«Бала мектеп табалдырығында» мейірбан ата-аналар клубы
2021 жылдың мамыр айының 25 жұлдызында Кәсіпорында «Бала мектеп табалдырығында» атты ата-аналарға арналған мейірбан ата-аналар клубы онлайн-кеңес өтті. Онлайн-кеңеске 18 ата-ана қатысты.
Мейірбан ата-аналар клубының мақсаты: ата-аналарға балалардың мектепке дайындығы туралы толық (физиологиялық, психологиялық, педагогикалық) ақпарат беріп, мектепке дайын болу - оқу, жазу, санауды игеру емес, осы оқу, жазу санауды игеріп алуға, дайын болу екенін түсіндіру.
Онлайн кеңес барысында психолог Төлеген А. О. балалардың мектепке психологиялық дайындығы туралы (әлеуметтік , жеке-тұлғалық, ақыл-ой дайындықтары) слайд материалдармен ақпарат беріп, балаларды мектепке қорқынышсыз, сенімділікпен, өзара татулықта, достықта дайындауға болатыны жайлы ұсыныстар берді.
Логопед Байталиева Р.Қ. балалардың сөздік қарым-қатынасына тоқталып, ата-аналарға дыбыстарды түзетіп бекітудің жолдарын атап көрсетті.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға біздің педагогтер кеңінен толық ашып жауап берді.