Басты бетСеминар

Семинар

Семинар Семинар
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде «Балалардың мүмкіндіктерін іске асыру кеңістігі» тақырыбы бойынша республикалық практикаға бағытталған семинар өткізілді. Онлайн режимдегі семинар республиканың мектепке дейінгі білім беру саласы педагогтерінің қатысуымен тікелей эфирде, ZOOM платформасында өтті. ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» ШЖҚ РМК директоры Г.Қ.Искакова, директордың стратегиялық дамыту және инновация жөніндегі орынбасары - Ресурстық-білім беру орталығының басшысы Г.Қ.Абдуллина, ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Е.С.Иманғалиев, ҚР БҒМ «Өрлеу» Басқарушы және педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының әдіскері Н.А.Клименко, ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ өкілі М.Н.Ерманова, ҚР БҒМ Ұлттық дене шынықтыру орталығы бас директорының орынбасары С.М.Мадеев, «OYNA» Балалар институты қоғамдық бірлестігінің директоры Г.Киикова құттықтау сөз сөйледі. Семинарға Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, облыс орталықтары Білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагог-практиктері - барлығы 260 адам қатысты. Семинарда мектепке дейінгі білім берудің басым бағыттары бойынша баланың шексіз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай жасау жөніндегі ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» РМК ұжымының келесі тәжірибелері таныстырылды: • «Дамытушы дене шынықтыру-сауықтыру ортасы»; • «Мектепке дейінгі ұйымдағы тілдік орта»; • «Баланы шығармашылық дамытуға арналған даму ортасы». Педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей менеджмент академиясының ассоцияцияланған профессоры, ғылыми жетекші М.Ж.Түсіпбекованың мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда тілдік ортаға бойлау әдісінің педагогикалық аспектілері туралы баяндамасы қатысушылардың айрықша қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ, экологиялық денсаулық атласы туралы К.Б.Нұрышеваның, дене шынықтыру лайфхактары туралы Т.В.Гуляренконың, ағылшын тіліне бойлауда қолданылатын цифрлық құралдар туралы А.М.Сыздыкованың, шулы аспаптардың көмегімен ертегі қою туралы Ж.Ө.Жанкуловтың, театр лэпбугы туралы Д.Темірбектің, сиқырлы қала - Бусоград туралы А.Т.Ахметованың т.б. педагогтердің баяндамалары көпшіліктің көңілінен шықты. Практик-педагогтер презентация және видеоролик форматында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізуде тиімді технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану, сөйлеу дағдыларын дамыту және дамыту іс-әрекетінде жаңа тәсілдерді қолдану тәжірибесін ұсынды. Семинардың барлық материалы Кәсіпорынның Ресурстық-білім беру орталығының әлеуметтік аккаунттарында жарияланады.