Басты бет«Жазғы спорт ойындары» спорттық мерекесі

«Жазғы спорт ойындары» спорттық мерекесі

«Жазғы спорт ойындары» спорттық мерекесі «Жазғы спорт ойындары» спорттық мерекесі
12 тамыздан бастап бір апта бойы балабақшада балаларды салауатты өмір салтына баулуға, өз денсаулығына қамқорлық жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Балалар «Біз денсаулықты бағалаймыз – күн режимін сақтаймыз!» деген тақырыпта әңгімелесті. Балалар «дені саудың – жаны сау» екенін паш ете отырып, күнделікті таңертеңгі гимнастика кезінде денсаулықтарын нығайтуда! Балалар спорт тақырыбына арналған жұмбақтарды қызыға шешті, «Солтүстіктен және оңтүстіктен соққан жел», «Тышқанға арналған қақпан», «Үйсіз қоян» және тағы басқа қозғалыс ойындарына қатысты. «Суретті құрастыр», «Спортшыны ата», «Қысқы және жазғы спорт түрлері», «Спорт снаряды кімдікі?» сияқты дидактикалық ойындар балалардың спорт түрлері туралы білімдерін нақтылауға және кеңейтуге көмектесті. Балалар допты қандай спорт түрлерінде қолданатынын естеріне түсірді, футбол ойнады және «Неге жолдың шетінде доп ойнауға болмайды?» деген тақырыпта әңгімелесті.