31 тамызда «Біз жазды қалай өткіздік?» деген тақырыпта презентация өтті.
Жаз - балалар еркін жүріп-тұра алатын, шаршағанша жүгіре де және секіре де алатын жылдың ғажайып уақыты. Дәл осы кезеңде балалар таза ауада көп уақыт өткізеді. Жаз бойы балабақшамызда балаларды шынықтыруға негізделген сауықтыру жұмысы жүргізілді. Күні бойы балалар таза ауада серуендеді, құм, шөп, қара жерді жалаң аяқ басып жүрді; сумен және құммен ойнады; күнге қыздырынды және ауа ваннасын қабылдады (бас киім киіп); дене шынықтыру сабақтарына қатысты, ұйқыдан кейін тыныс алу гимнастикасын жасады, аяқтарына ыстық-салқын су құйып шынықты (шуақты күні ұйықтар алдында аяқтарын жуу). Балалардың киімдері температуралық режимге сәйкес болды, міндетті түрде бас киім киді.
Жазғы уақыт қызықты, танымдық іс-шараларға толы болды. «Туризм күні», «Табиғат күні», «Конкурстар күні», «Құм күні», «Ертегілер күні», «Сумен тәжірибе жасау күні» сияқты тақырыптық күндер; «Композитор Н.Тілендиев туралы» тақырыптық әңгімелер ұйымдастырылды. Туризм тақырыбына арналған квест-ойын-сауық өткізілді. Балабақша аумағында «Шатырлы қалашық» құрылып, 5 кезеңнен тұратын квест-ойыны өткізілді.
Жаз мезгілінде сондай-ақ тәрбиелік іс-шаралар өткізу мақсатында учаскеге гүл, бау-бақша отырғызылды. Оларға тәрбиешілер балалармен бірге күтім жасады, суарып, түптерін қопсытты.