«Отбасы күнін» мерекелеу аясында біздің балабақшамыздың хореографтары 21 ата-ананың қатысуымен онлайн форматта «Үлкен отбасылық викторина» өткізді. Викторина «Күлкілі сұрақтар», «Сүйікті мультфильм» және «Әуенді тап» (отбасылық құндылықтар мен отбасы мүшелері туралы әндер) блогтардан тұрды. Ата-аналардың белсенділігі, олардың көңіл-күйі және онлайн кездесулерге қатысуға деген ықыласы қуантты. Бұл викторина ата-аналардың «Үздік ата-ана» атты жарысына қатысуға дайын екендігіне сендірді.