Бүгін Қарлығаш балабақшасының-нысанында карантин талаптары қатаң сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында «Мен – Тәуелсіздікпін!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шара педагогтер мен тәрбиеленушілерді елжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық дәстүр мен тарихты, мәдениетті насихаттау, ұжымның патриоттық рухын көтеру, бірлескен шығармашылық кабілеттерін ашу және жетілдіру мақсатында өткізілді.
Іс-шара көлеңкелі театрландырылған қойылым мен мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасынан тұратын 2 бөлімді қамтыды.
Мерекелік іс-шараға Медициналық орталық, «Nur Otan» партиясының өкілдері және тәрбиеленушілердің ата-аналары қатысып, жоғары бағалады.